АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Сандық технология орталығы» ашылды

25.11.2019

Ағымдағы жылдың 25 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Сандық технологиялар орталығы» ашылды. «Информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша болашақ мамандарды даярлаудың сапасын көтеру, оқу-тәрбие процесінде STEAM оқытудың біріктірілген тәсілін іске асыру мақсатында ашылған IT орталық 16 дана моноблок, 3D принтер, наутбуктар, Lego Mindstorms Education EV3, Lego Wedo 2.0 роботтары,   интерактивті кешенмен жабдықталған. IT орталық робототехниканың негізінде студенттерді математика, физика информатика және басқа жаратылыстану-ғылыми бейіндер пәндерінде алған білімдері мен дағдыларын кіріктіре отырып, роботты, инженерлік дағдыларды қалыптастыруға және технологияларды оқып үйренуге мүмкіндік туғызып отыр.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», – деп көрсеткендей білім сапасын арттыруда аталмыш орталықтың орны ерекше болмақ.

Просмотров: 424


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст