АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Балалар жылына арналған «Балауса балғын - таланттар!» атты «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауы

01.11.2022

2022 жылдың 31 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Балалар жылына арналған «Балауса балғын - таланттар!» атты «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауы өтті. Ауқымды іс-шарада әуелеген ән де, мың бұралған би де, күмбірлеген күй де болды. Байқау шымылдығын «Балдәурен, шіркін, балалық!»  атты прологпен «Ақ қауырсын» поэзия клубы ашты. «Самғау»  студенттердің біріккен хоры «Балдәуреннің әнұранын» орындап, көрермендердің жанарын жаулап алды. Жер шоқтығы Көкшетау – Арқа өңірі сал-серілерінің, ән мен жырдың киелі алтын бесігі екені даусыз. Осыған сәйкес, Көкше жері арқалы ақындардан, жампоз жыршылардан, дәулескер күйшілерден кенде емес. Іс-шарада Арқаның дәстүрлі әншілері Әділ Құсаинов Сәкен Сейфулиннің «Тау ішінде» әнін орындаса, Аслан Мұхамедьяр Иран Тасқараның «Көкшетау вальсін» орындап, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. «Назерке» халықтық-камералық хоры «Еділ мен Жайықты» әуелете жеткізсе, «Қоңыр қаз» дуэті «Туған жер» әнін шырқады. «Этюд» баянистер ансамблі Александр Доренскийдің  «Веселое настроение» туындысын  тыңдарманға жеткізсе, колледж оқытушысы Айгерім Қуандық пен студент Айсұлу Лұқман Шара Жиенкұлованың қойылымындағы халық биі «Айжан қызды» мұң бұрала биледі. Сонымен қатар «Асылай» триосы, Мұратбек Жалманбет, Жарас Қуаныш Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Бақытқали Жұмалиннің әні  «Бақыт»  әнімен жанарды жауласа, «Көксеңгір» этно-фольклорлық  ансамблі «Аманат»  композициясы мен «Ұлы дала» туындысын орындап,  тыңдармандарды таңдай қақтырды. «Мерей», «Тұран»  би  ансамбльдері «Жастар» биімен мың бұралса, «Шабыт» домбырашылар ансамблі «Кербез сұлуды» күмбірлетсе, «Арнау» дуэті «Туған ел» әнін шырқады. Сондай-ақ «Наркескен» ер балалар хоры «Алға қазақ жігіттерін» орындап, рухты оятса,   «Асыл-ай»  триосы Владимир Лепицкийдің «Детство» әнімен балалық шақты еске алды. Әйгерім Қуандық, Айнабек Оразалы, Айхат Қазихан Сүгірдің күйі  «Ыңғайтөк» тартып, домбыраның құлағында ойнаса,  «Жас Даурен» квинтеті «Әнім сенсің, туған елді» шырқады. «Самғау» студенттердің біріккен хоры «Бір үйдің баласындай» әнімен кеш шымылдығын түреді. Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Уразбаева Күнім Әбдісалыққызы өнер майталмандарына жоғары баға берді.

Просмотров: 236


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст