Қарашаның 22 күні оқу орнымызда Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы бастамасымен педагогикалық мамандық бойынша колледж бітіруші студенттері үшін «Skills_Club» клубының екінші отырысы ұйымдастырылды. Клубтың мақсаты – студенттерді ХХІ ғасырдағы негізге кәсіпке қоса икемді дағдыларын дамыту тәсілдерімен таныстырып, қолдау көрсету болып табылады.
Осы мақсатта Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджерлері Пазылова Гүлмира Шойғарақызы, Журунтаева Сауле Байкешевна, Смаилова Майра Исполовна студенттерді «Skills_Club» клубының жоспарланған бағдарламасы бойынша коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, риторикалық шокер ойындары бойынша жұмыс істеу дағдыларының әдіс-тәсілдер жолдарын көрсетті. Колледжімізден барлық мамандықтардың бітіруші топтарынан студенттер клубқа қатысып, белсенділік танытты. Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының басшысы Ильясова Динара Серікқызына, жоғары деңгейде ұйымдастырған аға менеджерлері Гүлмира Шойғарақызы және Сәуле Байкешовнаға, Майра Исполқызына алғысымызды білдіреміз.