АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі ІV курс студенттерінің қатысуымен «В.Воскобовичтің ойын технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың интелектуалды және шығармашылық қабілетін дамыту» атты семинар-практикумы өтті. Іс-шарада «Мерей» балабақшасының әдіскері Туребекова Гульнар Еркиновна өз тәжірибемен бөлісіп, В.Воскобович технологиясын қолданудың тиімділігі бойынша мастер-класс көрсетті. Негізгі мақсат – мектепке дейінгі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес балалардың еркін іс -әрекеттерін ойын арқылы шығармашылықпен ұйымдастыра білу қабілеттерін меңгерту.