21.10.2022
Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Республика күні мерекесіне орай облыс әкімі орынбасарының қатысуымен «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық жастар форумы өтті. Ақжолтай хабар! Дүбірлі іс-шарада Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің студенті Крючек Янаға халқымыздың аса құнды байлығы, еліміздің баға жетпес қазынасы қасиетті қазақ тілінің дәрежесін арттыруға қосып келе жатқан үлесі үшін Алғыс хат табыс етілді. Жас талантты шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуың биік болсын!