Текст
2022 жылдың 17-24 қазан күндері аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде оқытушы Секенова Балкүміс Байжанқызының жетекшілігімен Л-31 тобы студенттері «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық акциясын өткізбек. Негізгі мақсат – жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық сияқты асыл қасиеттерді дарыту. Білім алушылар Ақмола облысы білім басқармасының «№1 арнайы мектеп-интернатында» практикадан өтіп жүр. Идея сол жердегі бүлдіршіндерге күлкі сыйлағысы келген балғындардың ізгі ниеттерінен туындап отыр.