Текст
2022 жылдың 11-14 қазан күндері аралығында өңірдегі Шағалалы ауылында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арасында ұлттық спорт түрлері бойынша «Кезең» облыстық спаратакиадасы өтті. 15 команда қатысқан спорттық іс-шарадан Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жүлде қоры да біршама молайып қайтты. Колледж студенттері «Бес асықтан» ІІ, «Тоғызқұмалақтан» ІІ орын, «Асық атудан» V орынды иеленді. Жеңісті күндер көп болсын! Жас қырандар, қанаттарың талмасын!