Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұлағатты ұстазы, педагог-шебер Амирова Сағира Абзалқызы тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары үшін «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» Құрмет Дипломымен марапатталды. Ардақты ұстазды қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!