АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 8 қазан күні С.Бегалин атындағы Қайнар орта мектебінің құрылғанына 100 жыл толуына арналған «ҚАЙНАР ОРТА МЕКТЕБІНЕ 100 ЖЫЛ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аталмыш іс-шарада Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлына халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысын ұйымдастыруға белсене араласып, жоғары біліктілік пен жауапкершілік танытқаны үшін Алғыс хат табыс етілді. Сондай-ақ колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлына, оқу жұмысы бойынша орынбасары Рақымжан Әсел Қайроллақызына, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызына Қайнар орта мектебінің 100 жылдық мерейтойына арналып шығарылған төсбелгіге ие болды. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары да арнайы сертификаттар иеленді.