АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ғылыми жұмыстар – шығармашылық пен ғылым бастауы

15.11.2019

        «Ашық мектеп» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналы, «Өрлеу ҰБАО» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПЖ БАИ» филиалы, «Совет немцев Wiedergeburt немістер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі, Солтүстік Қазақстан облысы ҚХФ ғылыми-сарапшылық тобы, «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың 25 қазанында  жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Герольд Карлович Бельгердің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында «Үш мәдениет, үш тілдің тоғысындағы жасампаз...» тақырыбында республикалық жобалар байқауын өткізді.

     Республикалық ғылыми жоба байқауы Г.Бельгер – тағдыры ерекше адам; Г.Бельгер: қазақ тілін қадірлеп танып-білу және қазақ сөзінің әлеміне саяхат; Г.Бельгердің публицистикасы және эссеистикасы; Г.Бельгер – прозик; Г.Бельгердің шығармашылығындағы жаңа ұрпақ; Г.Бельгердің ашық мектебі бағыттары бойынша ұйымдастырылып, байқауға Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қызылорда облыстарынан, Талдықорған, Орал, Алматы, Рудный, Алтай, Көкшетау, Атбасар, Қостанай қалаларынан 17 педагог, 2 студент, 16 оқушы қатысты.

      Республикалық ғылыми жоба байқауына колледжімізден Жоламанова Тойындық Молдағалиқызының жетекшілігімен «Зерек» студенттердің ғылыми қоғамының мүшелері, филология бөлімінің ІІІ курс студенттері Биттитай Назкен (Г.Бельгер: қазақ тілін қадірлеп танып-білу және қазақ сөзінің әлеміне саяхат бағыты бойынша) мен Танкаева Аяжан (Г.Бельгер – прозик бағыты бойынша) қатысып, екі студент те жүлделі ІІ орынды иеленді.

        Жеңімпаз студенттерге Г.К.Бельгердің кітабы сыйға тартылып, дипломдар берілді.

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст