26.09.2022
2022 жылдың 26 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Филология» бөлімі ФБ-42 қолданбалы бакалавр тобымен практика конференциясы өткізілді. Айта кету керек, қыркүйек айының 12-нен 24-не дейінгі аралықта аталмыш топ Абай атындағы (қазақ тілінде оқытатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында «Байқау практикасы» педагогикалық практикасынан өтті. Әдіскер Қайыржан Тлек Сағындыққызы білім алушылардың оқу процесін жүргізуге қатысты ақпарат беріп отырды. Практика барысында колледж студенттері 7-11 сынып оқушыларын білім нәрімен сусындатты. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің ұлылығын ұғындыруға тырысқан жас таланттар аудиторияны өзіне қарата алып, үздік ұстаз болуға тырысты. Конференция барысында студенттер өздеріне өздері баға берді. Практика конференциясын тамашалауға келген «Филология» бөлімінің ІІІ курс студенттері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап ала алды.