26.09.2022
Ақжолтай хабар! Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ахмет тағылымы» қалалық «40 мысал» оқу байқауында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің студенттері жүлделі орындарға ие болды. ІІІ курс студенті Қуанышбек Әсел жеңімпаз атанса, ІІ курс студенті Силам Айдана ІІІ орынды еншіледі. Жас таланттарды және жетекшісі Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағамбетқызын шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!