22.09.2022
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Жан сыры» психологиялық кабинетінде «Ағылшын» бөлімінің студенттеріне арналған «Қош келдіңіз!» атты тренингтік жаттығулар өткізілді. Кездесу шетелдік студенттердің әлеуметтік-мәдени бейімделуіне бағытталды. Тренингтік жаттығуларды педагог-психологтар Жанабылова Наргиз Сериковна мен Жанбырбай Айдана Абдрахманқызы жүргізді. Іс-шара барысында топта еркін атмосфераны қалыптастыратын, олардың сенімі мен ұйымшылдығын арттыруға ықпал ететін жаттығулар өткізілді.