18.09.2022
2022 жылдың 14 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде үйірмелер мен секциялар жәрмеңкесі өтті. Студенттер өздері қалаған, армандап жүрген дағдыларын, қарым-қабілеттерін жетілдіру үшін қажет деп тапқан үйірме, секцияларына жазылды. Шығармашылыққа, спортқа бейім, әскери-патриоттық, саяси-интеллектуалдық позициясын ашық айтып, жеке қабілеттерін дамытуды мақсат еткен, колледж абыройын асқақтатуға, ұлт болашағына өз үлесін қосқысы келетін дарындылар аталмыш іс-шарадан табылды. Айта кету керек, оқу орнында 30-ға жуық үйірме жұмыс істейді.