2019 жылдың қараша айында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жатақханада тұратын студенттері үшін «Ханзада мен ханшайым 2019» күзгі бал кеші ұйымдастырылды. Кеш жұптар байқауы түрінде өткізіліп, 7 жұп өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс үш кезеңнен құралды: таныстыру, дыбыстау, дефиле. Әділқазы алқасы құрамында колледжіміздің шет тілі пәнінің оқытушы Аяжан Ерболқызы, психология пәнінің оқытушысы Дайана Нұрлыбекқызы, колледж психологы Қаракөз Мұратбекқызы болды. Студенттер тарапынан өте мазмұнды, әрі қызықты ұйымдастырылған іс-шараға қатысушылар тыңғылықты дайындықпен келіп, ерекше ықыласпен қатысты. Нәтижесінде 1 орын М-11 тобының студенттері Қабылұлы Тілеген, Акбарова Жұлдыз, 2 орын А-11 тобының студенттері Батхаш Эльдар, Сапарбек Гүлдана, 3 орын ДМ-11 тобының студенттері Балташ Шыңғыс, Әділова Сымбатқа берілді. Осындай байқауларды ұйымтастырудағы негізгі мақсат – студенттерді азаматтық, мәдениеттілік қасиеттерге тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және айқындау, бос уақыттарын пайдалы өткізуге баулу, сахналық шеберлік дағдыларын қалыптастыру.