12.09.2022
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Қыз тәрбиесі – ұлт байлығы» атты іс-шара өтті. Жиналыс барысында нәзік жандылар «Қыз балалар» кодексімен танысып, «тәртіп», «тәрбие», «ар», «намыс» атты тақырыптар баса назарға алынды. «Кербез» мәдени-интеллектуалдық қыздар клубының мүшелері де өз ережелерін басшылыққа алып, арулардың сұлулығы даналығымен бірге ұстасып тура қажеттігін ашып айтты.