АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Президент Жолдауы талқыланды...

12.09.2022

2022 жылдың 9 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде тарих пәнінің оқытушысы Қабдуалиев Ұлан Балғабайұлының жетекшілігімен «Информатика» бөлімінің І курс студенттері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын кең ауқымды түрде талқылады. Жыл сайынғы жарияланатын Жолдаулардан биылғы жылдың Жолдауының басты айырмашылықтары мен негізгі бағыттары басты назарға алынды. Әлеуметтік-экономикалық салаға басымдық беріліп отырған Жолдаудың әлеумет күтіп отырған түйткіл тұстары ерекшеленіп, аталып өтілді. Студенттердің қызығушылығын оятқан бағыттар талданып, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. 
Жолдауда көтерілген ең маңызды мәселелерді шешу нақты тапсырмалар негізінде Үкіметке жүктелгені айтылды. Топ студенттері де Жолдауды ашық талқылау арқылы біз күтетін елдегі өзгерістерге бей-жай қарай алмайтынын анық білдірді.
Президент Жолдауы ел болашағына сеніммен қарауға бағыт-бағдар беретін «компас» тәрізді. Сондықтан мемлекеттілікті дамыту бағытымызды адаспай табу алдағы уақыттың еншісінде...

Просмотров: 190


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст