23.08.2022
ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ
2022 жылдың 19 тамыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне Оңтүстік Кореяның делегациясы келіп қайтты. Аталмыш іс-шараға Woosong колледжінің президенті Даль Ёнг Ли, Woosong университетінің халықаралық мектептері деканы Ю Тэк Ли, SolBridge халықаралық бизнес мектебінің профессоры Нурмахаммад Юсупов, аудармашы Тюгай Дмитрий Евгеньевич, Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботагөз Балапайқызы, әлеуметтік серіктестер және өңірдегі балабақша, мектеп, колледж басшылары қатысты. «WOOSONG университет-колледжі: ынтымақтастық мүмкіндіктері» жобасының таныстырылымы өтті. Сондай-ақ білім саласындағы ауқымды мәселелер қарастырылып, саланы жетілдірудің маңыздылығы аталып өтілді. Ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін барынша ұтымды пайдалану қажеттігі де талқыланды.