АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
22.10.2019 жылы біз, БМ-41 тобы, Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері және «Инклюзивті білім беру негіздері» элективті курсының жетекшісі Секенова Балкүміс Байжанқызымен №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатына бардық. Бізді мектеп директоры Ольга Владимировна, мектеп психологы Светлана Викторовна, Наталья Петровна тағы басқалары алдымыздан тік тұрып қарсы алды.
Мектептен алған әсерімізді сөзбен жеткізе алмаймыз. Оны міндетті түрде көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы сол мектеп интернатының таңғажайып ахуалын сезінуге болады. Мектептегі мұғалімдердің өзін-өзі ұстауы, балалармен қарым-қатынасы сырт көзге, яғни бізге ерекше тебіреніс сезімдерді жүрегімізге ұялатты. Сол үшін алғысымыз шексіз. Мектеп іші таза, кең және өте әдемі. Мектепте оқушылар саны 280. Сабақтан бөлек оқушылар тігін, ара өсіру, гүлдер өсіріп баптау үйірмелеріне қатысады. Монтессори кабинеті, сенсорлық бөлмелер ерекше жабдықталған.
Біз болашақта мүмкіндігі шектеулі немесе ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайтын болсақ, балалардан жасқанбай, қандай бала болса да сол күйінде жақсы көру керек екенін түсіндік. Әр бала бақытты болуға лайықты.
Болашақ мамандардың теориялық білімдерін тереңдетуге, олардың кәсіби іс-әрекетіне деген танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, өздігінен білім алу іскерліктерін шыңдап, зерттеу бейімділіктерін жетілдіруге бағытталған «Инклюзивті білім беру» элективті курсы біздің педагогикалық колледжде дұрыс жолға қойылған.