АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 18 қазан күні Щучье қаласында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің атынан Секенова Балкүміс Байжановна, Мыңбаев Азамат Эсенбергенұлы, Азбергенова Баян Әубәкірқызы қатысып, өзара тәжірибе алмасып қайтты. «Инклюзивті білім беру негіздері» пәні және элективті курс бойынша баяндама оқылып, колледжімізде осы бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар таныстырылды. Студенттермен жұмыс жасау барысында инклюзияға жатқызылатын жағдайлар, оларды дөңгелек үстел, сұхбат алу, жарнама, ой толғау әдістері арқылы шешу жолдары көрсетілді. Студенттерге білім беруді ұйымдастыруда оқытушылар арасында тәжірибе алмасу семинарларының маңызы зор екендігін атап өту керек.