АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні колледжімізде 1 курс студенттері және топ жетекшілерінің қатысуымен «Тәлімгерлік қолдау» қатарына қабылдау кеші ұйымдастырылды. Директордың практика жөніндегі орынбасары: Қаракөз Серікқызы, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Данагүл Нұртайқызы, Жастар комитетінің төрайымы: Мадина Кайыртайқызының қатысуымен өткен кеште «Айшуақ» педагогикалық жасағының жаңа мүшелері қабылданды. Жасақтың бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері бейнероликтер арқылы көрсетіліп, мүшелерін марапаттау рәсімі өтті.
Бағдарламаның мақсаты: Болашақ ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру. Жеткіншек буын өкілдерімен жастардың етене араласуына жағдай туғызу. Жастарды өскелең буын тәрбиесіне араластыру. Студенттер арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, 1 курс студенттеріне жаңа ортаға бейімделуіне көмек беру және де 3 курс студенттерін жауапкершілікке баулу.
Бағдарламаның міндеттері:
1) Тәлімгерлер- педагогикалық оқу орындарының студенттерінен құрылған топтардың ең тиімді түрі ретінде Қазақстандағы педагогикалық жасақтардың қозғалысын насихаттау.
2) Педагогикалық кәсіптің мәртебесін арттыру. Болашақ педагогтардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.
3) Студент жастардың шығармашылық белсенділіктерін анықтау, арттыру, дамыту.
4) Лидерлік мінез-құлықты қалыптастыру, дамуына жағдай туғызу. Заман талабына сай шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру, қоғамды жұмыстардағы белсенділігін арттыру.