АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Қазанның 18 күні оқу орнымызда Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы бастамасымен педагогикалық мамандық бойынша колледж бітіруші студенттері үшін «Skills_Club» клубын ұйымдастырды. Клубтың мақсаты – студенттерді ХХІ ғасырдағы негізге кәсіпке қоса икемді дағдыларын дамыту тәсілдерімен таныстырып, қолдау көрсету болып табылады.
Клубтың жұмыс форматы – тренинг, талқылау алаңдары, фасилитациялық сабақтар, трансформациялық ойындар. Болашақ мамандар сыни және шығармашылықпен ойлауға, коммуникация мен эмоцияларын басқару дағдыларына ие болу қажет. Осы мақсатта Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджерлері Пазылова Гүлмира Шойғарақызы, Мусина Айгүл Дәулетжанқызы студенттерді «Skills_Club» клубының мақсат-міндеттері, жыл бойына жоспарланған бағдарламасымен таныстырып, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларының шебер әдіс-тәсілдер жолдарын көрсетті. Колледжімізден барлық мамандықтардың бітіруші топтарынан 45 студент клубқа қатысып, қызығушылық, белсенділік танытты. Көкшетау қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының басшысы Ильясова Динара Серікқызына, жоғары деңгейде ұйымдастырған аға менеджерлері Гүлмира Шойғарақызы және Айгүл Дәулетжанқызына алғысымызды білдіреміз.