АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Кәсіби бағдар беру мақсатында іс-шара ұйымдастырылды
14.10.2019
11 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Шетел тілі кафедрасының оқытушысы Ш.Оспанова кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Көкшетау қаласының №4 орта мектебінің 5-7 сынып оқушыларының арасында ағылшын тілі пәнінен «Knowledge is power» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құрып, оқушыларды ұстаздық мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету іс-шараның басты мақсаты болды. Аталмыш іс-шараға оқушылармен қатар пән мұғалімдері, машықкерлер қатысып өзара тәжірибе алмасты. Әр сыныптан өтінім берген 10 оқушы пән бойынша олимпидаға қатысып, жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар марапатталды. Олимпиадаға қатысушылар грамматика, оқылым, тыңдалым бойынша арнайы тапсырмалар орындап, көрермен оқушылар онлайн сайысқа қатысып, «Мамандық дегенімізді сіздер қалай түсінесіздер? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? Жалпы мамандық таңдау қажет пе? Мектеп бітіргеннен кейін кім боласыз?» сынды сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Сондықтан да психология мен педагогикада аталған мәселеге көп көңіл бөлінуде. Яғни таңдаған мамандық адамның мінез-құлқына сай келуін қадағалап, қолынан келетін іске ұмтылып, заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықты таңдап, жүрек қалауына сүйене отырып шешім қабылдау қажет. Қоғамға қажетті азамат болу үшін мамандық таңдау мәселесіне терең үңіліп, жауапкершілік танытайық. Мамандық таңдау алдында ақыл таразысына салып, жан-жақты ойланып барып шешім қабылдау қажеттігін ұмытпаған жөн.