Ағымдағы жылдың қазан айында колледжімізде оқытушылардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу мақсатында «Қарым-қатынас жарастығы» жас мамандарға арналған психологиялық тренинг өткізілді. Релаксация бөлмесінде өткен іс-шарада «Мен-үйде» және «Мен-жұмыста», «Тиімді қарым-қатынас орнату», «Ыстық картоп», «Сарқырама», «Күн шуағы» жаттығулары бойынша жұмыстар жүргізілді. Тренингке колледжімізге жаңадан қабылданған оқытушылар қатысты. Атап айтсақ, Ж. Сарша, Д.Рахметолла, А.Мактаева, С. Қабдуали, Н.Айкожанова, Н.Мехайловалар тренингтер колледжіміздің психология пәнінің оқытушысы Қарагөз Мұратханқызы тарапынан қызықты, тартымды, жоғары деңгейде ұйымдастырды деп баға берді.