АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2 қазан күні Шетел тілі кафедрасының оқытушысы Ш.Оспанова ағылшын тілі бөлімінің 1 курс студенттерімен шетел тілі пәнінен «My working day. The Present Indefinite Tense» тақырыбында үлгі сабақ өткізді. Үлгі сабаққа кафедра жетекшісі мен оқытушылары, әдіскер Г.Қырқаева мен жас мамандар қатысып өзара тәжірибе алмасты. Оқытушы жаңа инновациялық-ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сабақта түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін қолданып, жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастырып, арнайы тапсырмалар арқылы студенттердің оқылым, жазылым, тыңдалым мен айтылым дағдыларын жаттықтыра білді. Сабақтағы психологиялық ахуал айтарлықтай жақсы болды, сабақ барысында студенттер мен оқытушы арасында үздіксіз диалог жүргізілді. Ойын мен компьютерлік технология біріктірілген тапсырмалар студенттердің сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыра түсті. Студенттердің сөздік қоры мол, пікірлерін еркін айта алатыны байқалды. Үлгі сабақ өз мақсатына жетті, жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.