АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Көкшетау қаласы әкімі А.Смайловтың бекітуімен 2019 жылға арналған дін сұрақтары бойынша құрылған «Көкшетау қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы» 26 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің салтанат залында дін, өзге де мәселелер бойынша кездесу өткізді. 1 курс студенттерінің қатысуымен өткен шарада «Көкшетау қаласының ішкі бөлімі» ММ, «Конфессия аралық қатынастарды талдау және дамыту орталағы» және «Көкшетауқаласының жастар ресурстық орталығының» дін сұрақтары бойынша мамандары, психологтары, атап айтсақ, участкелік полиция қызметкері, аға лейтенант Төлеухан Азнабайұлы, денсаулық сақтау орталығынан Какенова Анар, заңгер маманы Жолдасбай Тұрлыбекұлы арнайы дайындалған дәрістерін оқып, студенттермен сұрақ-жауап, талқылау жұмыстарын жүргізді. Кездесуге Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің тәрбие ісі бойынша орынбасары Д.Ілиясова, 1 курс кураторлары қатысты.