Көкшетау қаласы әкімі А.Смайловтың бекітуімен 2019 жылға арналған дін сұрақтары бойынша құрылған «Көкшетау қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы» 23 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің салтанат залында дін мәселелері бойынша кездесу өткізді. 1 курс студенттерінің қатысуымен өткен шарада колледж директоры Н.Ахат, колледждің тәрбие ісі бойынша орынбасары Д.Ілияс қатысып, «Көкшетау қаласының ішкі бөлімі» ММ, «Конфессия аралық қатынастарды талдау және дамыту орталағы» және «Көкшетауқаласының жастар ресурстық орталығының» дін сұрақтары бойынша мамандары, психологтары, атап айтсақ, Жүсіпбек Рысбек Рамазанұлы, Қайыр Қалихан Дулатұлы, Мамадалиев Мадияр Болатұлы арнайы дайындалған дәрістерін оқып, студенттермен сұрақ-жауап, талқылау жұмыстарын жүргізді.