Текст
20 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 1 курс студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтау мақсатымен «StudLife» тақырыбында концерт ұйымдастырылды.
Жатақхана кеңес мүшелері тарапынан ұйымдастырған «StudLife» кешіне жатақханада тұратын 1 курс студенттері қатысты. Кештің ашылу салтанаты колледж жатақханасының тәрбиешілері Айдана Еркебұланқызы мен Самал Сырымбетқызының құттықтау сөзімен басталды. БМ-11 тобының флешмобы, ДМ-11 тобының студенттері тарапынан орындалған әсем әнмен, КТК ойындарымен жалғасын тапты. Кеште студенттермен түрлі ойындар жүргізіліп, соңы бимен аяқталды. Іс-шара қызықты әрі тартымды ұйымдастырылды.