Ж.Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогикалық колледжінде қазақ тілі пәнінің оқытушысы Т.Жоламанованың ұйымдастырылуымен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты іс-шара өтті. Биылғы жылы жаңа технология, жаңа мазмұнмен толықтырылып қолданысқа берілген «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл-танымдық зертхана» аудиториясының мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана отырып жүргізілген іс-шарада ғалымның «Өмір жолы» атты деректі фильмі көрсетіліп шығармашылығына шолу жасалды. «Қасқыр мен қозы», «Қайырымды түлкі», «Айна мен маймыл» мысалдары негізінде дайындалған тағылымды сахналық қойылымдар көрсетілді, өлеңдері оқылды. Ағартушы ғалымның шығармашылығын насихаттауға, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл-танымдық зертханасында жинақталған мұраларын, ұйымдастырылған көрмесін, аудитория мүмкіндіктерін таныстыруға арналған іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.