Текст
20 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл-танымдық дәрісханасында «Қазақ тілі пәні бойынша оқу жұмыстарын жоспарлау» тақырыбында үлгі сабақ өткізілді. Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерін жаңа тақырыпты игертуде өзара үйлесімде қолданудың тиімділігін көрсетті. Студенттер «Ғалымдармен педагогтер» әдісі бойынша топтастырылып, жаңа сабақты игеру барысында «Оқы. Талда. Пікіралмас», «Елші», «Өрмекші торы» әдістерін қолданды. Филология бөлімінің үшінші курс студенттерімен ұйымдастырылған сабақтың SMART мақсатына толықтай қол жеткізе алды. Үлгі сабақ оқытушы тарапынан шебер ұйымдастырылып, жоғарғы деңгейде өтті.