АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Студенттеріміз тәжірибеден өтуде

20.09.2019

 

          Тәжірибе – болашақ маманды қалыптастырудың маңызды баспалдағы. Колледжіміздің бітіруші курстары колледжде оқу практикасынан өтіп тыңғылықты дайындықпен қала мектептерінен тәжірибе жинақтауға жіберіледі. Ж.Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогикалық колледжінің Информатика бөлімінің 4-курс студенттері Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп интернатында  02.09 – 22.09 аралығында іс-тәжірибесінен өтті. Байқау практикасының алғашқы күндерінде практиканың мақсат-міндеттерін түсіндіру, мектеп ішін таныстыруға бағытталған экскурсия, өздеріне бекітілген сыныптармен танысу, сабақ кестесі, күнтізбелік тақырыптық жоспарларды алу сынды жұмыстар жүргізілді. Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп өткізген сабақтары сапалы әрі сауатты ұйымдастырылды. Атап айтсақ, студенттеріміз Уканова Алина, Кабдулов Думан «Компютер жады», Мыканжаров Данияр, Ханат Айсұлудың 9 «б» сыныбында «Желілік этикет» тақырыбында өткізген ашық сабақтары оқытушылар тарапынан жоғары бағаланды. 

          Байқау практикасында колледжде алған теориялық білімдерін ұтымды қолданып жақсы нәтижелермен оралған студенттер өз жетістіктеріне дән риза. Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп интернатының информатика пәні мұғалімдеріне алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст