Текст
2022 жылдың 10 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «ISO 9001:2015/ҚР СТ ISO 9001-2016 халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес ТжҚБ ұйымдарында жүйелілік менеджменттің сапасын жетілдіру» тақырыбы бойынша оқыту семинары өтті. Аталмыш іс-шарада Менеджмент жүйелерін дамыту орталығының бас директоры, ҚР ТРМЖ сарапшы-аудиторы Алтайбаева Шолпан Жанатовна білім саласындағы құжаттардың рәсімделуі, жаңадан енгізілген өзгерістер, сапа және менеджмент туралы толық ақпарат берді. Семинарға қатысқан колледждегі бөлім меңгерушілеріне, кафедра жетекшілеріне, менеджерлерге арнайы сертификаттар табыс етілді.