АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Тілдер мерекесі тойлануда

15.09.2019

     «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай тілдер мерекесі 5 қыркүйекке бекітілген болатын. Осыған байланысты Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінде биылғы жылы тілді ұлықтау мақсатымен ұйымдастырылған іс-шаралар легі алғашқы оқу аптасынан күні бүгінге дейін жалғасуда. Атап айтсақ, колледжімізде өзге ұлт өкілдерінің ана тілін сақтау мен қатар қазақ тілін жетік меңгерту, болашақта еркін қолдана алу мақсатында «Тіл – достық құралы» атты өзге ұлт өкілдерімен диалог алаңы  ұйымдастырылды.  Жыл сайын ерекше ықыласпен тойланатын мереке  осы жылы студенттер арасында  «Тіл – мемлекеттің мәртебесі», «Тіл – ұлттық жаны», «Тіл – халықтың рухы»  тақырыптарында ашық танымдық сағаттар ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Қазақ халқының рухани көсемі А.Байтұрсынұлының өмірі, тіл біліміне сіңірген еңбегі дәріптеліп, тіл мәселелеріне арналған түрлі танымдық ақпараттар берілді. «Үш тұғырлы тіл» саясаты, латын әліпбиіне көшу мәселелері кеңінен талқыланды.

Просмотров: 415


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст