АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 6 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жайдары жаз – 2022» атты тәлімгерлік нұсқау беру орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тәлімгерлік нұсқау беру орталығының мақсаты – балалардың жазғы демалысын қызықты, көңілді, тиімді етіп ұйымдастыру, жазғы сауықтыру лагері кезеңінде студент-практикант балалардың жас ерекшеліктерін, жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыстар жүргізу, алған білімдерін практикада қолдану, студент-практиканттың ұйымдастыру қабілетін айқындау. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы Алғы сөзінде жалынды жастарға қолдау білдіріп, ерекше ерік-жігер берді. Колледжіміздегі 6 мамандық бойынша 11 топтың ІІІ курс студенттері сегіз педагогикалық жасаққа бөлініп отыр. Директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Мұқышева Қаракөз Серікқызы да студенттерге үлкен сенім білдіріп, қолдау танытты.