04.06.2022
2022 жылдың 3 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қашықтықтан және сырттай оқу бөлімінің бітіруші түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Айта кету керек, білім ошағының сырттай оқу бөлімі соңғы 5 жыл ішінде 700 маманды дайындап шығарды. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы оқу бітіруші түлектерді құттықтап, білім жолының асуында көріне беруіне тілек білдірді. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының СМД-31 тобы жаңа өмірге қадам басты. Маман атанған түлектер өз мамандығының білгірі болуға ұмтылып отыр.