АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінде 2019 жылғы 10 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы жалпықазақстандық ашық диктант жазу жұмыстары жүргізілді. Диктант тақырыбы «2019 – Жастар жылына» арналады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясына, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету мақсатында ұымдастырылған іс шараға колледж оқу залы мен дәрісханаларында 98 студент қатысты. Диктант қорытындысы негізінде студенттер арасында латын қарпі түгелге дерлік игерілгендігін атап өтуге болады.