Текст
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің көптеген білім мекемелерінде тыңдалды. Солардың қатарында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары мен студенттері де Абай атындағы электронды ресурстық «SMART кітапхана» залына жиылып, тікелей көрсетілімді тапжылмай тамашалады. Биылғы мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауында қоғамдық мәселелер, адами құндылықтар, ұлт пен ұрпақтың келешегіне қатысты келелі мәселелер өз шешімін тауып жатты. Алдағы уақытта ел үшін маңызды стратегиялық мәлімдемені талқылау мақсатында оқытушылар мен студенттер тарапынан тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақ.