АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АХМЕТ ИДЕЯЛАРЫ» атты еркін ой алаңы

20.05.2022
Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Bolashaq saraiy-нда «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АХМЕТ ИДЕЯЛАРЫ» атты еркін ой алаңы өткізілуде. Алаңға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының қызметкерлері, ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының өкілі, Жоғары оқу орындарының, Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтері, колледж түлектері, білім саласына жауапты мамандар, жастар ресурстық орталығының басшылары, Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің студенттері жиналған. Негізгі мақсат – Жаңа Қазақстан құру жолында болып жатқан жаңа бастамалар мен идеяларды және жаңару мен жаңғыру жолындағы атқарылатын, ел болашағына бағытталған өзгерістерді ашық талқылау, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумның маңыздылығын талдау. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы идеяларының ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлін анықтап, Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы негізгі мәселелерді Ахмет Байтұрсынұлының идеяларымен, тағылымымен байланыстыру да басты назарға алынып отыр. Еркін ой алаңында қатысушылар «Алаш зиялыларын алаңдатқан мәселе – Ұлт тағдыры және тіл», «Ахмет идеяларының қазіргі Жаңа Қазақстандағы маңыздылығы», «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жазуын алғаш рет реформалаған ұлы тұлға», «Жаңа Қазақстан құру жолындағы жаңа жобалар» және «Референдумның ЕЛ болашағына ықпалы» атты тақырыптар арқылы ой өрбітуде.
Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст