Текст
2022 жылдың 13 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің оқытушылары Қайыржан Тлек Сағындыққызы мен Рахимова Зарина Жомартқызы кәсіби бағдар беру мақсатында облыс орталығындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебіне барып қайтты. Оқушылардың арасында өздерінің білімдерін аталмыш оқу орнында толықтырғысы келіп, қызығушылық танытқандар да болды. Оларға колледждегі мамандықтар, біліктіліктер, үйірмелер туралы толық ақпарат беріліп, кәсіби бағдар жүргізілді.