Текст
Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай және ауылдық мешіттің күрделі жөндеуден өтуіне байланысты Ортақ ауылының жалынды жастарының ұйымдастыруымен бірнеше спорт түрінен жарыс өтті. Ақжолтай хабар!!! Осы аламанда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жас өрендері де бой көрсетті. «Тоғызқұмалақ» сайысынан Сүлейменова Дамира жеңімпаз атанса, Төлеген Ерназ жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ «Асық ату» сайысынан Рақым Дәулет жүлделі ІІ орынға ие болды. Талантты жастарды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!!!