Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК директоры Ахат Нұртас Ахатұлы https://instagram.com/nurtasakhat, https://www.facebook.com/nur.skiv Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботагөз Балапайқызынан зор құрметпен қабылдап, ақынның «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» деген өлеңін оқыды. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті сарқылмас қазынасы. Ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға биіктете береді. «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр», - деп Мұхтар Әуезов айтқандай ұлы бабамыздың хас өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Көкшетау қаласының жас ақындарына жолдады.