Ағымдағы жылдың 1-4 шілде күндері аралығында Ақмола облысы білім беру қызметкерлері арасында ХІХ облыстық «Ұстаз-2019» спартакиадасы Бурабай ауданының Қатаркөл ауылындағы ауылшаруашылық колледжінің базасында өтті. Облыстық спартакиадаға Ақмола облысынан жалпы 23 команда, 400-ден астам техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері қатысты. Жарыс спорттың жеті түрінен өтті: тоғыз құмалақ, волейбол, городок спорты, шашки, үстел теннисі, шахмат ойыны, үшсайыс. Жалпы командалық есепте Ахат Нұртас Ахатұлы бастаған Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылардан құралған құрама командасы ІІ орынды иеленді. Команда мүшелерін және колледж ұжымын жеңістерімен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз. Құттықтаймыз!!!