АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Қазақстан колледждерінің ұлттық рейтингі-2019»

28.06.2019

    Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканың түрлі салаларында білікті техникалық қызметкерлері үшін дағды мен білімге деген талап өсе бастайды, сондықтан еңбек нарығында барынша бәсекеге қабілетті бола алатын түлектерді дайындау мақсатында колледждер білім беру сапасын жақсартуға мүдделі болуы тиіс.

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі 2015 жылдан бастап жыл сайынғы колледждердің рейтингін өткізіп келеді.

    Ұлттық рейтингіде білім беру ұйымдарын ранжирлеуінде олардың қызметінің негізгі аспектілерін есепке алады. Бұл студенттің контингенті (15%), студенттің білім сапасы және колледжде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары (20%), инженерлік-педагогикалық кадрлардың сапасы (20%), колледж қызметінің сапасы (15%), кәсіпорындармен ынтымақтастық (15%), ақпараттық қамтамасыз ету (15%). Жоғарыда көрсетілген колледж көрсеткіштерінің жалпы саны 100%-ды құрайды. Ұлттық рейтингіде  Қазақстандағы    педагогикалық колледждер арасынан Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 74,93 пайыз көрсеткішпен І орынды иеленді!

    2019 жылдың Қазақстан колледждерінің Ұлттық рейтингінің нәтижелері биылғы жылы колледждер абитуриенттеріне және олардың ата-аналарына және барлық басқа мүдделі тараптарға пайдалы болады деп ойлаймыз.

    Колледж ұжымын шын жүректен  құттықтаймыз!

 

 

 

Просмотров: 528


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст