АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Оқуға түсіп, қолдарына диплом алу – әрбір жастың алаулаған арманы, үкілеген үміті. Қазіргі таңда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің бітіруші түлектері дәл осындай шаттыққа кенелуде. 2019 жылдың 25 маусым күні «Көкшетау» мәдениет сарайында түлектердің салтанатты түрде диплом алу рәсімі өткізілді. 2018-2019 оқу жылында колледжімізде 7 мамандық бойынша 270 түлек тәмамдап еліміздің ұстаздар қатарын толықтыруда. Бүгінгі күнге дейін колледж түлектері өздерінің кәсіптік білімдерін табысты іске асырып, Қазақстанның әр өңірінде білім беру мекемелерінде қызмет жасауда. Колледж директоры Н.Ахат құттықтау сөз сөйлеп бітіруші түлектерге ақжол тілеп, ата-аналарға алғыс білдірді. Іс-шара барысында төрт жыл бойы үздік оқыған түлектер мен колледждің қоғамдық өміріне белсене араласқан түлектер және ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды. Мерекелік кешті мың бұралған бишілер мен әсем ән шырқаған әншілер әрледі. Бітіруші түлектерге «бақытты жарқын өмiрге басқан қадамдарыңыз бен дипломдарыңыз құтты болсын!» дегіміз келеді.