АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Қазақ халқы «Бірігіп көтерген жүк жеңіл» дейді. Күш – бірлікте! Кешеден бері Түркістан облысы, Арыс қаласында болған ауыр жағдайға алты Алаштың баласы қабырғасы қайыса қайғырып, қол ұшын созып көмегін беруде. Ынтымағы мен берекесі жарасқан ел озар. Ел басына күн туғанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып көмек беру әр қазақтың парызы. Бүгін Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұжымы Арыс қаласындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп қолледж ұжымы бір күндік жалақы көлемінде көмек беруге шешім қабылдады. Түс ауа Арыс қаласының жапа шеккен тұрғындарына арналған қаржылай көмек тиісті есепшотқа жіберілді. Қаракөз қандастарымыздың мәселесіне бей-жай қарамаған барлық ұстаздарға алғыс білдіреміз! Қазақтың қасиетті жерлерінің бірі – Арыс мекені тұрғындарының осы ауыр жағдайда ертеңге сенімі берік, еңселері биік болуын тілейміз. Бұл жағдай тек Арыс тұрғындарының ғана емес сонымен қатар барлық Алаш баласының ортақ қайғысы екені жасырын емес. Көкшетау елі де Сіздермен бірге!