АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Ахмет Байтұрсынұлы – кемеңгер қоғам қайраткері және Алаш қозғалысы» веб-форумы

21.04.2022
Ағымдағы жылдың 20 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде тарих пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен Ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – кемеңгер қоғам қайраткері және Алаш қозғалысы» атты веб-форум өтті. Негізгі мақсат – кемеңгер, қоғам қайраткері және Алаш Орда үкіметінің ұлт тарихындағы орны жайында ой қорытып, білім алушылардың отансүйгіштік сезімдерінің дамуына үлес қосу. Іс-шараға Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешенінің басшысы Сәрсекей Гулбану Қулетқызы онлайн қатысып, «Ұлтын ұлықтаған – ұлы тұлға» тақырыбында баяндама оқыды. Қатысушыларды А. Байтұрсынов мұражайымен, ұлт ұстазы қолданған жәдігерлермен таныстырды. Форумға Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің тарих бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Асылбек Жанимханұлы қатысып, «Музей көрнегіндегі Алаш тақырыбы» атты баяндамасын оқып, мұражайдың алдағы Алаш қайраткерлерінің еңбектерін зерттеу туралы жоспарымен таныстырды. Форумда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Халықаралық қатынастар және тарих» кафедрасының оқытушысы Кенжебек Дінмұхамед Канатбекұлы «Ұлт ұстазының ұстанымы: Қазіргі қазақ қоғамындағы рөлі мен маңызы» тақырыбында ой өрбітті. М. Ғабдуллин музейінің қызметкері Нүрүш Оралбек Есімұлы «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында баяндама оқыса, колледжіміздің информатика бөлімінің І курс студенті Асылбек Айдын Асхатұлы «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ғибратты ғұмыры» жайында ақпарат берді. Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжіндегі тарих пәнінің оқытушысы Қабдуалиев Ұлан Балғабайұлы «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары және ұлттық білім беру жүйесінің қалаушы» тақырыбында сөз қозғап, рухани көсемнің туған халқының ұлтық санасын оятудағы еңбектеріне тоқталды «Филология» бөлімі ФБ-11 тобының студенті Силам Айдана өзінің Ахмет Байтұрсынұлына арнап жазған өлеңін оқыды. Іс-шараға колледж студенттері қатысып, өздерінің білім көкжиегін кеңейтті.
Просмотров: 318


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст