Текст
Облыс орталығында қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының рухына арналған жастар мен ересектер арасындағы қазақ күресінен Ақмола облысының іріктеу чемпионаты өтті. Боз кілемде белдескен кіл мықтылардың қатарында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Дене мәдениеті» бөлімінің ІІ курс студенттері де болды. Ақжолтай хабар!!! Чемпионатта 53 кг салмақ дәрежесінде Дәулетбек Еркебұлан жеңімпаз атанса, Бабахумар Дәулетбек жүлделі ІІ орынды иеленді. Спортшыларымызға толағай табыс пен жеңісті күндер тілейміз!