Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы білім беру мектептерінің оқушылары және колледждерінің студенттері арасындағы облыстық «Жас ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубы қатысып жүлделі І орынды иеленді. Қалыбек Жеңіс, Біржан Алмаз, Құратай Гүлсім, Папова Виктория, Қалиев Мақсат, Хамархан Жетпіс, Серікбай Саян, Маркин Растислав, Орынтай Сандуғаш, Есимов Диас «Жас ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалында І орын алғаны үшін Грамотамен марапатталды. Папова Виктория дене даярлығы жарысында І орын алғаны үшін Грамотамен марапатталды. Қалыбек Жеңіс АК-74 дүкенін патрондармен жабдықтау бойынша жарыста І орын алғаны үшін Грамотамен марапатталды. Дене мәдениеті пәнінің оқытушысы Мукатаев Мейірбек Шәріпұлы «Жас ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалының жүлдегер-команданы үздік дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.